Бұл әсіресе білімге, адами капитал сапасына және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсерін тигізуде. Осы тұрғыда сарапшылар бұл індетті өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіреді деп санайды. Олар мектеп оқушылары арасында ғана емес, студенттер арасында да функционалдық сауатсыздық деңгейінің жоғарылауы мүмкін деп болжайды.
Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жоғары білім берудің сапасын атап өтіп, Үкімет басшысына бізге жаңа көзқарас пен жаңа тәсілдер керектігін айтып, халықаралық тәжірибеге сүйеніп, мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру саласының қарқын ала бастағанын шет елдегі студенттердің біздің елге келіп оқығанынан байқауға болады.
Осы ретте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев өз Қазақстан оқып жатқан студенттер жайлы ойын алға тарта келіп:
Бізде «Сорбонна институты - Қазақстан» атты қызықты жоба бар, оны 2014 жылы Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олланд құрды. Бұл француз тілінде білім беруді қамтитын екі дипломды оқу бағдарламасы. Біз бірнеше бағдарламалар жасадық және 2018 жылы алғашқы студенттер Конгодан, содан кейін Мадагаскардан келді. Бұл студенттердің бізге қалай келгені мен үшін таңқаларлық болды. Талдау жасаған кейін олардың бізге елімізге француз тілін үйрену үшін келгенін түсіндім. Бізде оқытудың аралас түрі бар - бір бөлігі орыс тілінде, бір бөлігі француз тілінде. Олар Қазақстанға келіп тіл үйренді. Біз талдауға терең бойлап, біздің университет франкофония елдері үшін қызығушылық тудыруы мүмкін екенін түсіндік. Франциямен салыстырғанда бізде қолжетімді білім мен жатақханада тұруға жағдай жасалған. бар. Екінші жағынан, студенттер қос диплом алады. Қазір бізде Марокко, Конго, Тунис, Мадагаскардан студенттер бар. Мен бұл студенттердің кейбірі француз тілінен сабақ беріп, қаражат тауып жүргендерін көрдім, - дейді.Коронавирустық пандемияға байланысты әлемдегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтықтан оқытуға көшті. Бұл оқу мазмұнын түбегейлі өзгертті.
Қашықтықтан білім беру жағдайында білім беру үдерісі білім алушының жеке басына, мақсат-мүдделеріне, білім деңгейлеріне, дағдылары мен қабілеттеріне бағыттылығы туралы көп айтылады. Әлемдегі көптеген университеттер бұны маңызды міндеттердің қатарына қосты. Осыған сәйкес, сапаны қамтамасыз ету жүйесінде университет бұл бағытты қолдайды және студенттерге бағдарлануды маңызды құндылықтардың бірі ретінде қарайды. Студенттерді тәрбиелеу, оқыту және кез-келген басқа байланысты сақтау принципі оқушымен жұмыс жасауда басты ұстаным болуы керек, - дейді ҚазҰПУ қызметкерлері.