Соның нәтижесінде Австриялық инвесторлар мен энергетикалық компаниялар өкілдері күнгейдің климаттық ерекшеліктері мен баламалы энергетиканың барлық түрлерін дамыту мүмкіндігіне қызығып отыр.
Айта кету керек, жаңартылмалы энергия көздері Австрияда жақсы дамыған. Солардың бірі — жылдық айналымы 11 млрд АҚШ долларын құрайтын HELIOVIS заманауи күн электр станциясына ОҚО делегациясы барып қайтты.
Кәсіпорынның бірегейлігі сол — электр станциясында күн концентраторының жаңа типі HelioTube орнатылған. Бұл концентратор ресурстар шығынын 55%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, тіиісінше, көмірқышқыл газының шығарылуы қарапайым күн панельдерінен анағұрлым аз.
Бұл ретте Оңтүстік Қазақстан облысында электр энергиясының айтарлықтай жетіспей отырғаны еске түседі. Ішкі жүйелер өңірдің электр энергияға қажеттілігінің тек жартысын ғана қамтамасыз етіп отыр. Бұл келеңсіздікті жою үшін өңірдің табиғи әлеуетін, яғни жылына 300 күн шығып тұратын күн шуағын пайдалану жоспарлануда.
Қазіргі таңда облыста жаңартылмалы энергия көздері саласында 27 жоба іске асырылуда, оның ішінде 11 жоба күн электр станцияларының құрылысына бағытталған.