Дереккөз: 7kun.kz
19.03.2018, 15:15
Банктің қара тізімінен қалай шығуға болады? Менің оқиғам…
Мүмкін, халықтың көпшілігі жаман несие тарихы туралы білетін шығар.
Өкінішке орай, көп ретте банк жүйесі біздің проблемаларымызды түсініп, ыңғайымызға жығыла алмайды. Бірі қажетті соманы жинап үлгермеген шығар, бірі банкке баруға жолы түспеген шығар, мүмкін кейбірі төлейтін мерзімді шатастырып алған шығар. Бірақ, банк үшін бұл сіздің жеке мәселеңіз және әрқашан олар бұған бей-жай қарайды. Мерзімін өткізіп алғаныңыз үшін тек қосымша пайыз қосып берумен шектелсе жаман емес қой. Ал, егер кішкентай ғана қате бүкіл несие тарихыңды бүлдірсе не болады? Онлайн қызмет көрсететін шағын қаржылық ұйымы тұтынушыларының бірінің оқиғасы несие тарихын аз уақытта жақсартуға болатынын дәлелдеді.
2 жыл бұрын әйелім екеуміз машина сатып алайық деп шештік. Ойлана келе көлікті несиеге алып, шетінен төлеп тұрамыз деген ойға келген болатынбыз. Автомобиль тек ермек үшін ғана қызмет етпейді ғой, қаржылық қиындықтар кезінде таксист боп ақша табуға болады. Қандай маркалы көлік алатынымызды шешкен соң, қай түсін таңдаймыз деп біраз дауластық. Сосын ең келісті нұсқа – металл түстісіне тоқтадық. Енді несие рәсімдеу ғана қалған еді. Осы жерде біздің көңіліміз қатты түсті. Ешқандай банк бізге несие бергісі келмеді. Себеп – осыдан бірнеше жыл бұрын қарызды уақытында төлемей, кешіктіргеніміз. Мен қайта-қайта өтініш беріп, байқап көріп ем, не несие беруден бас тартады не болмаса пайызын үлкейтіп ұсынады. Мен енді несиеге қол жеткізуге деген үмітім үзген шақта әріптесім микрокредит беретін ұйымдар туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда 15 минутта-ақ рәсімдеп, қолыңа ақшаны береді. Ол мен үшін дәл уақытында табылған құтқарушы болды. Табысың туралы анықтама талап етпегені және тез арада қарыз бере алатыны үшін емес. Бұндай компаниядан алған несиең өз уақытында жабылса, несие тарихыңның жақсаруына кепілдік бар. Әйелім екеуміз олардан бірнеше рет несие алып, уақытында жауып тастадық. Алған қаржының көлемі үлкен емес. Әрине, көлік алуға ондай ақша жетпейді. Ал, жайлы демалысқа әбден жетіп қалады. Соңында осындай бірнеше кредитіміз менің несие тарихымды өзгертті. Сөйтіп банкттен автомашинаның жарты бағасына жететін сомада несие алдым.
Сондықтан, егер сіздің несие тарихыңыз менікі сияқты нашар болып, несие ала алмай жүрсеңіз, микрокредит ұсынатын компаниялардан қарыз алып, мерзіміне жетпей төлеп тастаңыз. Әдетте олар ақшаны бір айға береді. Ал, егер сіз қарызыңызды 15-20 күннің ішінде қайтарсаңыз, банк үшін лайықты тұтынушыға айналып, сізге сенім артуы әбден мүмкін.
Пікір жазу