Халық тұңғыш Олим­пиада чемпионымыз деп ер­келе­теді - Ж.Үшкемпіров
13.12.2017, 10:17

Халық тұңғыш Олим­пиада чемпионымыз деп ер­келе­теді - Ж.Үшкемпіров

Олимпиада және әлем чемпионы, спорт ардагері Жақсылық Үшкемпіров «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында мүмкіндіктері бола тұра атақ-мансапқа ұмтылмағанын жеткізді, деп хабарлайды silteme.kz.

– Жақсылық аға, есіктің алдында ентелеп 2018 жыл тұр. Соң­ғы жиырма жыл бойы фермер бола­мын деп малдың соңынан жүгірдіңіз. Айтыңызшы, көңілі­ңіз марқаятындай дәреже биігіне жете алдыңыз ба? Әлде әлі де осы­­лай жүгіре бересіз бе, шарша­май­­сыз ба?

– Әлі де жүгіре беремін. Шар­шамаймын. Айналайын-ау, менің төл мамандығымның өзі зоотехник-инженер емес пе еді?! Бұл да бір спорттың түрі. Динамикалық қозғалыс адамды шаршатпайды.

– Осы жылдар ішінде сіздің Олим­пиада чемпионы, әлем чемпионы деген атақтарыңыздың, беделіңіздің бизнеске қаншама көмегі тиді?

– Бүкіл халық сыйлайды. Рах­­мет. Шүкір. Елбасының өзі тәуел­сіз­діктен кейін туған қанша­ма спорт­шының алдында мені ашық­тан ашық бір бас жоғары қойып келеді. Халық тұңғыш Олим­пиада чемпионымыз деп ер­келе­теді. Осының бәрі қолға алған ісімнің берекет табуына себепші болды.

– Ғылыми атақ алу ойыңызда жоқ па?

– Ғылыми атақтың өзі далада­ғы, қорадағы, жайылымдағы тә­жі­ри­беден туындайтын дүние емес пе? Қазір аса білікті деген бір­неше ғылым докторы менің кеңес­шілерім...

– Халыққа биік мінберден, Пар­­ламент залынан ой тастасам, кеңес берсем деген мансап-ой бол­ған жоқ па?

– Ойбай-ау, менің өзім сол ха­лық­тың арасында жүрген жоқ­пын ба? Күнде біргеміз. Ойы, сө­зі, реніші мен қуанышын бір кісі­дей көріп келемін. Сондықтан да ондай бақыттан қол үзгім жоқ. Ма­ған кезінде ол тұр­ғысында ұсы­ныс түскен, саналы түр­де бас тарттым, себебі шынайы ор­тадан алшақтап қалмасам екен деймін. Екі жақты жұмыс істей алмаймын. Кеше ғана кәсіпкерлер алдында сөз сөйледім, алдыңғы күні Әл-Фа­раби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мың студентпен кездестім, Ұлттық Олимпиада ко­ми­теті еш ұмытпайды, шақыра­ды, жас спортшыларға бата бере­мін, көрдіңіз бе?! Мұның сыртында далада малым тосып тұр... Бәріне уақыт табамын. Астана, Талдықорған, Алматы, Бақанас, міне, менің негізгі мар­шрутым, оның сыртында еліміздің әр бұры­шынан үзбей шақыру аламын...

«Жақсылық Үшкемпіров: 15 жыл күрестім, 20 жыл кәсіпкермін» атты сұхбаттан үзінді


Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер