Бесінші отырыстың тақырыбы: «Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында».
Клубтың сараптамалық талқылауына АҚШ, Қытай және Ресей арасындағы қырғи-қабақтың ушығуы, сауда протекционизмі мен популистік көңіл-күйдің артуы, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Корея төңірегінде жаңа шиеленістердің бой көрсетуі сынды мәселелер арқау болмақ.
Әсіресе, Еуразияда ынтымақтастықтың болашақ құрылымын қалыптастыруға үлкен көңіл бөлініп, жаһандық қауіпсіздіктің сын-тегеуріндеріне қарсы тұру жолдарын іздеу, сондай-ақ ядролық қаруды бақылаусыз тарату мәселелеріне назар аударылады.
Айта кетейік, «Астана клубының» жұмысына дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысады.