Аптасына бір рет қатынайтын бұл пойыз Астанадан сейсенбі күні, ал Самарқаннан жексенбі күні шығатын болады.
Бұдан басқа, осы жылдың 18 наурызынан бастап «Алматы-Ташкент» пойызының жиілігі аптасына екіден үш ретке дейін артады.
Аталған бағыттағы жолды пойыз 17 сағат 17 минутта жүріп өтеді.
Сондай-ақ, Астана -Ташкент әуебағытында ұшу жиілігі аптасына төрттен жетіге дейін, ал Алматы мен Ташкент арасында жетіден он рейске дейін артады.