"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметкерлерінің жалақысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өсті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Today.kz сілтеме жасай отырып silteme.kz.
"АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінің жалақысы өсті
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің жер асты топтарының және "Өркен" ЖШС Атасу темір кен орны қызметкерлері үшін жалақы 30%-ға арттырылады, оған қоса ұжымдық келісімшартқа сәйкес жалақының 3,55% мөлшерінде индекстелген ақша қосылады. Көмір департаментінің жер бетінде жұмыс істейтін, "Өркен" ЖШС істейтін қызметкерлері, болат департаментінің қызметкерлері үшін, басқа қосалқы қызмет атқаратындар үшін ақы грейд жүйесіне орай 30 пайызға арттырылады", - делінген хабарламада.
Басқа қызметкерлерге қатысты ақы арттыру мәселелері 2018 жылдың 26 қаңтарына дейін қаралып, шешімін табады.
Естеріңізге салайық, 2017 жылдың 11 желтоқсанында Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ төрт шахтасының 200 кеншісі түнгі кезектен кейін шахтадан көтерілуден бас тартқан. Кейін наразылық танытқан шахтерлер саны 700-ге жуықтады.
15 желтоқсан күні төрт күндік ереуіл аяқталып, компанияның барлық жұмысшысына жалақы көлемінде бір жолғы сыйақы төленетін болды.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13