Осылайша олар ғимараттың тәу ету орнына айналуын тоқтатпақ. Қазіргі уақытта Браунау-ам-Инн қаласындағы 3 қабатты үйдің меншік иесі – Герлинда Поммер. Ол үйді сатуға және ол жерді қайта жоспарлауға қарсы. 1972 жылдан бері муниципалды билік бұл ғимаратты жалға алған. Содан бері ай сайын үй иесіне 4800 еуро төлеп келеді. Енді қабылданған заңнан кейін ғимарат мемлекет меншігіне өтуі тиіс, ал Поммерге өтемақы төленеді. Қазір үймен ары қарай не болатыны шешілуде. Билік оны «бұзу керек» десе, тарихшылар «қалдыру керек» дегенді алға тартады. «Өйткені үйді жер бетінен жойып жіберу – ұлтшылдықты жоққа шығарумен тең», – дейді тарихшылар. Үйдің алдында «Азаттық, бейбітшілік пен демократия үшін. Фашизмге жол жоқ. Қаза тапқан миллиондаған адам бізге оны еске салады» деп жазылған.
Австрия парламенті Адольф Гитлер туылған үйді тәркілеу туралы шешім қабылдады
Австрия парламенті 1899 жылы Адольф Гитлер дүниеге келген үйді мемлекет қарамағына өткізу үшін арнайы заң қабылдады, деп хабарлайды khabar.kz