Бакуде Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының кеңесі өтті
10.02.2018, 12:17

Бакуде Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының кеңесі өтті

Бакуде Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының кеңесі өтті www.inform.kz

8 ақпанда Бакудегі ТүркПА кеңсесінде Түркі кеңесі, Түркі академиясы халықаралық ұйымы, ТҮРКСОЙ және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының төртінші үйлестіру кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат twesco.org сайтына сілтеме жасап.

 

Ұқсас жаңалықтар Әзербайжан кәсіподағының V съезі президент сайлауына Илхам Әлиевтің кандидатурасын ұсынды.

ТүркПа Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов төрағалық еткен келелі кездесуге Түркі кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Гасанов, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиева, Түркі академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев пен сарапшы мамандар қатысты. Бакуде Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының кеңесі өтті.

Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының өкілдері 2017 жылы атқарған қызметтері туралы, сондай-ақ 2018 жылға жоспарланған жобалары жөнінде мәліметтер ұсынды. Сонымен бірге, хатшылықтар арасында үйлестіру жұмыстарын және ақпарат алмасуды жетілдіру туралы ортақ келісімге келді.

Тараптар сондай-ақ, ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығы, ТүркПА-ның 10 жылдығы, ӘДР-дің 100 жылдығына және Түркі әлеміне ортақ танымал қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы мен көрнекті қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай бірқатар маңызды іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға келісті. Бакуде Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының кеңесі өтті.

Жиын соңында қатысушылар келесі V үйлестіру кеңесін 2018 жылы Әзербайжанда Түркі Мәдениеті мен мұрасы қоры өткізетіні туралы шешім қабылдады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер