Қазақстанда көлік бағасы 12 пайызға арзандамақшы
27.01.2018, 14:31

Қазақстанда көлік бағасы 12 пайызға арзандамақшы

Қазақстанда көлік бағасы 12 пайызға арзандамақшы Массагет

ҚР инвестициялар және даму министрлігі “Cату кезінде қосымша құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларының тізімін бекіту туралы” бұйрық дайындап жатыр. Құжатқа ақпан айында қол қойылып, жарияланбақ, деп хабарлайды Sputnik  басылымы.

Бұйрыққа сәйкес, қазақстандық кәсіпорындардың бөлшектерінен жасалған жеңіл автокөліктер,  жүк көліктері, тракторлар мен арнайы техникалар қосымша құн салығынан босатылады.

Яғни шеттен әкелінетін бөлшектерден көлік құрастыратын және ҚР инвестициялар және даму министрлігінен қолдау алған жергілікті зауыттардың өнімдеріне салық салынбайды. Сәйкесінше Қазақстанда құрастырылатын көліктер 12 пайызға арзандауы мүмкін.

Осы орайда “ҚҚС жойылғаннан кейін автосалондарда баға арзандайды ма?” деген заңды сауал туындайды. Кәсіпкерлер әзірге толыққанды жауап бере алмай отыр (олардың арасынан БИПЭК АВТО ғана жауап берді).

Олардың айтуынша, бұл мәселеге қатысты соңғы шешім әлі қабылданбаған, бірақ құжат күшіне енгеннен кейін мәселенің түйіні тарқатылмақ.

©http://stan.kz

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер