Не деген ғажап өмір/It’s a wonderful life/Эта замечательная жизнь (1946 ж.)
Бұл фильм 70-ші жылдардан бері жыл сайын дәстүр бойынша АҚШ-ң орталық арналарынан көрсетіліп келеді.
Адал әрі ізгі ниетті Джордж Бейли бір мезетте неше түрлі қиындыққа душар болып, қатты күйзеліске ұшырайды, тіпті мына өмірмен қош айтқысы келеді. Оған мейірбан, бірақ жас әрі тәжірибесіз періште көмекке келеді.
34-ші көшедегі таңғажайып/Miracle on 34th street/Чудо на 34-й улице (1947 ж.)
Оскар сыйлығы: Екінші пландағы үздік актер, Үздік сюжет, Үздік бейімделген сценарий
Оскар номинациясы: Үздік фильм
Мерекелік шеру кезінде Санта Клаустың рөлінде ойнауы керек болған актер ес-түссіз мас күйінде табылады. Шерудің режиссері Дорис Уокер көшеде кездейсоқ кездескен қарт Крис Кринглды Санта Клаус бола тұруға көндіреді.
Диканька маңындағы хутор кештері/Вечера на хуторе близ Диканьки (КСРО, 1961 ж.)
Н.В.Гогольдің «Рождество алдындағы түн» повесі бойынша түсірілген
Рождество түні сайтанның украиналық деревняның тұрғындарын қалай азғырғаны мен ұста Вакуланың «қара күштерді» жеңіп, қалыңдығына қалай сәнді етік әпергені туралы қызықты хикая.
Пәтер/The Apartment/Квартира (1961 ж.)
Оскар сыйлығы: Үздік фильм, Үздік режиссер (Б.Уайлдер), Үздік түпнұсқа сценарий, Үздік суретші жұмысы, Үздік монтаж
Сақтандыру компаниясының қарапайым қызметкері Бакстер өзінің басшысының көңілдесі Фрэн деген бойжеткенге ғашық болып қалады…
Сиқыршылар/Чародеи (КСРО, 1983 ж.)
«НУИНУ» (Айрықша қызметтер жөніндегі ғылыми әмбебап институт) институтында сиқырлы таяқша жасау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өнертабыстың тұсаукесері 31 желтоқсанға белгіленген, бірақ институт директорының дұшпандары іске араласады.
Бриджит Джонстың күнделігі/Bridget Jones’s Diar/Дневник Бриджит Джонс (2001 ж.)
Бриджит Джонс жаңа жылдың алдында өзін-өзі қолға алып, жаңа өмір бастамақ болады. Оның жасы отыздан асып кеткен, бірақ жаман әдеттерінен арыла алмай жүр және артық салмағы да бар. Ең сорақысы – ол әлі жалғыз!
Отбасылы адам/The Family Man/Семьянин (2000 ж.)
Ірі инвестициялық компанияны басқаратын, зәулім үйі мен жаңа үлгідегі «Феррариі» бар бойдақ жігіт болғыңыз келе ме, әлде сатушы болып жұмыс істеп, қарапайым көлік жүргізгіңіз келе ме? Қара нәсілді Аяз ата басты кейіпкер Джекке осы сценарийлердің екеуін де байқап көруге ұсыныс жасайды.
Интуиция/Serendepity
Жаңа жыл алдындағы қыстың бір қарбалас күнінде Нью-Йоркте Джонатан мен Сара кездесіп қалады. Екі бейтаныс бір-бірін ұнатып қалғанын түсінеді де, тағдырды тексеріп көрмек болады. Жігіт телефон нөмірін банкнотаға, ал қыз кітапқа жазады да, екеуін де тапсырып жібереді. Бірақ екеуі де тағы кездесетініне сенімді.
Рождество құтты болсын/Joyeus Noel/Счастливого Рождества (2005 ж.)
Оскар номинациясы: Шет тіліндегі үздік фильм
1914 жылдың Рождествосы қарсаңында ғажайып оқиға орын алды. Батыс майданда британдық, француз және неміс әскерлері қаруларын окоптарында тастап, бір-бірін мерекемен құттықтап, өзара сыйлық алмасады.
Кішкентай әйелдер/Little Women/Маленькие женщины (1994 ж.)
Апалы-сіңлілі Марчтардың бой жетуі, алғашқы махаббатты бастан кешіруі, өз бетінше өмір сүре бастауы туралы фильм.
Рождестволық хикая/A Christmas Carol/Рождественская история (2009 ж.)
Бұл мульфильм – шаттануды білмейтін, мерекелерді жаны сүймейтін сараң бай Эбенезер Скрудждің бір түнде қалай өзгеріп шыға келетіні туралы хикая.
Дереккөз: arular.kz
Киноманнан ұсыныс: Жаңа жыл туралы үздік 11 фильм
Жаңа жылдық фильм десе, бірден Э. Рязановтың «Тағдырдың тәлкегі» немесе голливудтық «Үйде жалғыз» фильмдері есімізге түседі. Мұндай мейірімге толы туындылар ешқашан жалықтырмайды десек те, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын басқа да үздік кинотуындылардың тізімін ұсынуды жөн көрдік.