Сонымен бірге музыкалық терапия көңіл күйі мен тәртібі нашар балалардың өзін-өзі бағалауын жақсартып, сөйлеу және интерактивті дағдыларын дамытады.
Ғалымдар тәжірибе жүргізіп, оған 250 бала мен жасөспірім қатысқан. Қатысушыларды екі топқа бөлген. Біреулерін дәстүрлі әдістермен емдесе, басқаларына медициналық препараттардан бөлек музыкалық терапияны қолдануды ұсынған.
Ғалымдар мұны айтарлықтай маңызды жаңалық деп отыр. Музыкалық терапияның тиімділігі бірінші рет клиникалық түрде дәлелденді.
© kazgazeta.kz