Байқауға қатысу үшін Қазақстанда тұрып жатқан этностардың мәдениетін насихаттауға және Қазақстан халқы ассамблеясы институты беделін әрі этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған материалдар , сондай-ақ Астана қаласы этно-мәдени бірлестіктерінің және қоғамдық-саяси өмір жетістіктерін қамтыған мақалалар қабылданады. Байқау қорытындысының шеңберінде жеңімпаздарға сыйақы үш аталым бойынша беріледі: үздік телевизиялық (бейне) сюжет; БАҚ баспасындағы үздік жарияланым, үздік радиосюжет. Байқауға Астана қаласындағы барлық БАҚ журналистері қатыса алады. Байқау комиссиясының шешімімен жеңімпаздар анықталып, оларға сыйақы беріледі. Бұл байқауға 2017 жылғы 1 қаңтар мен 20 тамыз айларының кезеңі аралығына дейін эфирге шыққан және жарияланған әртүрлі жанрдағы материалдар қабылданады. Қорытындысы 2017 жылдың 29 тамызда шығарылады. Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша үміткерлер Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіне хабарласа алады. Кравцов көшесі-1, 7 кабинет, жұмыс телефоны: 24-98-56, e-mail: kguast@mail.ru Байқау ережесі жүктеуге қолжетімді
Елордалық ҚХА журналистерге арналған байқау жариялады
2017 жылдың 14 шілдеден 20 тамыз аралығында Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы этносаралық келісімді нығайту тақырыбы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері арасында «Бірлік жаршысы» атты қалалық байқау өткізеді.