Ең маңызды ереже десек те болады. Идеал еркек жоқ. Ең мықтылары да қателеседі. Үмітті ақтамауы, сенімнен шықпауы ықтимал.
Жігіттер үшін ең қиын сәт – әйелдің «жоқ» дегенін сөзін есту. Жеңіліс табу. Ұнамай қалу. Қалауын таппау. Қанағаттандырмау.
Осы жағдайда көпшілік еркектер бір қателікті қайталайды. Оны менен гөрі лайықты еркек жаулап алсын деп шетке ығысады. Өзінің жеңілісіне басы қатып, қайғының қара тұманына қойып кетеді. Жанын жегідей жейді. Өзге әйелдің құшағында өзін ұмытқысы келеді. Басқасын тауып алам деп өзін алдарқатады.
Нағыз қайсарлық жеңіліс және жеңіспен өлшенбейді. Үнемі жеңе беру мүмкін емес. Қайсарлық деген үнемі осалдығыңды сезіну.
Құлаған соң қайта түрегеліп, тағы да бір рет бақ сынау керек. қыздар «жоқ» деп айтқанды жақсы көреді. Бұл әйел үшін таңдау жасаудың түрі. Кім берілмесе, сол жеңеді. Жеңілген соң тағы бір рет тырысып көргісі келетіндер бар. Байқап көреді. Қанша уақыт кететіні белгісіз. Ол маңызды да емес. Кім соңына дейін барам деп шешсе, ол міндетті түрде «иә»-ні естиді. Әйелдерді осылай жеңеді. Жеңімпаз күресте шыңдалады!
Аударған Шынар Әбілдә
Дерек көзі: «Алауинформ»