Автокөлік. Түсінде автокөлік мініп бара жатса – жағымды жаңалық. Үлкен істегі азырақ үзіліс.
Ақ бұлттардың көшуі – жолға шығу.
Ақ киім көрсең – жол жүресің.
Кімде-кім бір аяғының ұзарғанын көрсе – сапарға шығады.
Баланың машинасы: түсінде баланың машинасын көру – сапарға шығудың белгісі. Баланың машинасын алып үйіне әкелгенін көру – сапарға шығу үшін дайындалып жүргенін, баланың машинасының бос болғанын көру – үйленген болса, балалы болатынын, бойдақ болса, үйленетінін білдіреді.
Бір кісі сафар, жол көрсе – сафарменен жорылар.
Біреу өзін жылан қуып жүргенін көрсе – өңінде бір пайдаға жолығады.
Даңғыл: түсінде үлкен даңғылда жүргенін көрсе – материалдық және рухани қиыншылықтардан қиындықсыз өтетінін және өмір жолында сенімділікпен жүретінін білдіреді. Даңғылда емін-еркін жүргенін көрсе – ешқандай қиындық болмайтынын, ал әрең жүріп келе жатқанын көрсе – кейбір қиыншылықтар кездесетінін білдіреді. Екі шетінде ағашы бар даңғылдың бойында жүрсе – ғалым немесе беделді адамнан жәрдем алатынын білдіреді. Даңғылдың бойына ағаш отырғызғанын көрсе –адамдарға жәрдемін тигізетін перзенті болатынын білдіреді. Таза әрі реттелген даңғыл – мемлекеттегі істердің жақсы болатынына жорылады. Даңғылдан шығу – қиыншылықтан құтылатынына, тірлігінің алға басатынының белгісі.
Егер автокөліктен қашып жүрсеңіз – сіздің жолыңызда көре алмаушылық бар екенін хабарлайды.
Егер бір белгісіз түйеге мінер көрсе – сапар қылар.
Егерде бүкір жігіт сізге жол сілтеп тұрса – қуаныш, өз кәсібіңіз алға жылжиды.
Егер бір тірі битті тұтып лақтырып тастаса – ұстаған жолына қарсы бір іс қылғаны.
Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса – онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер қасқыр көретін болса – онда өңінде оның сапары сәтті болады.
Егер кісі түсінде ерттеулі атқа мінсе – мұратына жетер.
Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса—онда оның өңінде барша тілектері қабыл болып мұратына жетеді.
Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе – онда ол мұратына жетеді.
Жер асты жолы: түсінде бұл түсті көру – білместен, қаламастан жаман іс істейтіндігін білдіреді. Жер асты жолымен жүріп, ол жерден таза су табу – жақсылықтың белгісі. Ол жерде таза емес, лай суды көру –жаманшылық пен қиыншылықтың белгісі.
Жер шарының картасы: түсінде карта көру – сапарға шығудың белгісі. Түсінде картаға зер салып қарау – ұзақ сапарға шығуын білдіреді.
Жол: жолдың шетінде жүргенін көрген адамның дініне салғырт қарайтындығын білдіреді. Түсінде жол үстінде тура жүргенін көрген адамның саудада жолы болады. Жолынан адасып кеткен адам – сауапты іс пен дінінен айрылады. Егер қайта тауып алса – тура жолды табады. Жолда қалай қарай жүрерін білмей басы қатса – нәпсісін тәрбиелей алмай жүрген адамды білдіреді.
Қараңғы жолдан жүрген адам – тура жолдан ұзақтайды.
Қараңғы жерден жарыққа шыққан адам – тура жолға түседі.
Жол – діннің белгісі. Жолдың жағдайына қарай дінін де білуге болады.
Жолмен келе жатсаң – сырқат, жайсыз хабар.
Жолмен түзу жүріп бара жатса – хақ жолда екендігі.
Көпір – күдікті және осы дүние, байлық, ұзақ өмір немесе ауру, сөзінде тұру, тура жол, һидаят намаз, ораза.
Көшу: түсінде көшкенін көру – маңызды өзгеріс болып, аз уақыт қиындық көрген соң көңіліңіз жай табады.
Қисық жол көрсең – табыс
Пойыз – жақын жерге сапарға шығып, табыс табу.
Жинаған мәдениеттанушы-лингвист
А.Қалназаров