Косметика қазіргі деңгейге жетуі үшін ұзақ даму жолдардан өтті. Қазіргі косметика медицинаның маңызды салаларының бірі және медицинадағы физиология, биология, гигиена, биохимия, фармакология, хирургия, физиотерапия және т.б салаларда кеңінен қолданылады. Терінің саулығы мен әдемілігін сақтау үшін қазіргі косметика түрлі емдік дәрі-дәрмектерді ұсынып отыр. Олардың сапалық дәрежесі жоғары: олардың ағзаға зиянды әсері жоқ, олардың көмегімен қажетті нәтижелерге жетуге болады.
Егер біз уақытымен және күнделікті қажетті косметикалық заттарды қолданып отырсақ, онда біз денсаулығымызды және сұлулығымызды сақтай аламыз.
Косметологияда бөлініп қарастырылады:
Ø Гигиеналық немесе профилактикалық косметика. Мұнда косметикалық заттарды жүйелі түрде қолданып, терінің кемшіліктерінің алдын алуға болады; Ø Дәрілік немесе арнайы косметика. Мақсаты беттегі косметикалық кемшіліктерді емдейді; Ø Хирургиялық немесе пластикалық косметика. Мақсаты дәрілік косметикамен емделмейтін ақауларды жою немесе жөндеу. Ø Сәндік косметика (декоративная). Оның негізгі мақсаты әртүрлі косметикалық заттардың көмегімен бет терісінің кемшіліктерін, сонымен қатар беттің келбетін қоюландыру үшін, артығырақ әдемілеп, айқындатып көрсету болып табылады.Сәндік косметика қатарына күнделікті және театрлық бет бояулары жатады.
Күнделікті бет бояу – білдірілмейтін топтағы бояулар жатады. Олар бір жағынан беттің түсін шынайы бояйды, ал екінші жағынан бет кемшіліктерін жасырып, жалы бет келбетін жақсартады.
Театрлық бет бояу – оларға түрлі бояулар жатады. Сахнадағы әртістердің келбетін әрлендіріп, қойылымға бейімдеу.
Тәжірибелердің көрсеткіштері бойынша косметологияда – гигиеналық косметика үлкен роль атқарады.
© irisgul.wordpress.com