Ерте ұйықтаудың 6 пайдасы
03.04.2019, 10:03

Ерте ұйықтаудың 6 пайдасы

Дұрыс ұйқы – жалқаулықпен күресу, ауру-сырқау мен артық салмақтың алдын алу құралы.

Дұрыс ұйықтау арқылы біз жағымсыз әдеттерімізден оңай арылып, уақытымызды көбейтіп, жастығымызды ұзарта аламыз. Адам түн ортасына дейін, яғни түнгі 3-4-ке дейін ұйықтап алатын болса оның көптеген артықшылықтары бар. 

Денсаулығыңыз мығым болады.

Егер сіз кешкі 9-да ұйқыға жатсаңыз автоматты түрде май басудың алдын аласыз. Қан қысымы көтерілмейді, бас ауруы мен шаршағандық белгілері болмайды. Ұйқы қанбаса ең алдымен зардап шегетін ағза  — бауыр. Ал ертерек ұйықтасаңыз бауырыңыз да сау болмақ.

Жасара түсесіз.

Әйел заты үшін өзінің жас келбетін сақтау аса маңызды. Бұл үшін кешкі сағат 10-нан қалмай ұйқыға жатқан жөн. Бұл уақытта адам ағзасының жасушаларында коллаген белсенді түрде бөлінеді. Коллаген —  терінің шымырлығы мен жасаруына негіз болады. Егер дұрыс ұйықтауды әдетке айналдырсаңыз бетіңіздегі әжімдердің азайғанын байқайсыз. Әрі реңіңіз де ашық болады.

Артық салмақ жинамайсыз.

Америкалық ғалымдар зерттеуінің нәтижесінде түн ортасына дейін ұйықтамау ағзадағы алмасу процестерін өрескел бұзатыны дәлелденді. Сол себепті де адам әдеттегіге қарағанда екі есе жылдам семіреді.

Ақылыңыз артады.

Үнемі ұйқысы қанбай жүру – есте сақтау қабілетін едәуір төмендетеді, адамның ақпаратты саралау қабілетін нашарлатады. Түн ортасына дейінгі ұйқы ғана бұл процестерді қалыпқа келтіре алады.

Бос уақытыңыз көп болады.

Ертерек ұйықтасаңыз ертерек тұрасыз. Ал таңғы уақытта береке бар. Таң намазынан кейінгі сағаттар әр іс үшін берекелі болмақ. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» демекші жұмыс күніңіз өнімдірек болады.

Жаратушының жарылқауы

Ғаламторды, теледидар мен телефонды ертерек сөндіріп, ертерек жатудағы ең маңызды дүние – таң намазына қиналмай тұрасыз. Бұл таң намазына ғана емес, түнгі тәхажжуд намазына тұруға да жеңіл. Кешкі 9-да ұйықтауға жатсаңыз, түн ортасы түнгі үштерде ұйқыңыз әбден қанып қалады.

 Қазір көпшілік кеш жатып кеш тұруға дағдыланған. Және ерте тұруға қиналатын жандар өте көп. Бар-жоғы бір аптаның ішінде ерте тұруға дағдылануға әбден болады. Ол үшін бір күн ұйқыңызды қиып ерте тұрып, ерте жатсаңыз жеткілікті. Және келесі күндерде де солай жалғастыру қажет.

Дұрыс ұйқы формуласы. Салауатты өмір салтына дағдыландыратын фитнес-жаттықтырушылар «10–3–2–1–0» ұйқы формуласын ұсынады.

 Ұйқы алдындағы 10 сағат: ешқандай кофеин ішуге болмайды;

Ұйқы алдындағы 3 сағат: ешқандай тамақ ішпеу қажет;

Ұйқы алдындағы 2 сағат: жұмыс істемеу керек (әсіресе компьютер алдында);

Ұйқы алдындағы 1 сағат:  ешқандай экранға жол жоқ;

 Ұйықтар алдындағы бұл сағаттарда серуендеуге болады. Себебі ұйқы алдындағы серуен жақсы ұйықтауыңызға көп көмектеседі. Құлшылық жасап, зікір айтып өткізсеңіз тіптен тамаша.

Дерек көзі: ihsan.kz

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер