Тек әйелдерден құрылған ұжымда жұмыс істеу қиын ба?
26.03.2020, 10:03

Тек әйелдерден құрылған ұжымда жұмыс істеу қиын ба?

Тек әйелдерден тұратын бірлестікте жұмыс істеуге қалай қарайсыз? Психологтардың пікірінше әйелдердің ұжымы «жыландардың ұясы» сияқты екен. Барлығы бірлесіп тыныш жұмыс жасайды, бірақ бір-бірін «шағып алуы да» бір сәтте. Бірақ тек нәзік жыныстылардан тұратын ұжыммен тіл табыса білуге болады. Алдымен мұндай ұжымды жұмыс істеудің кемшіліктері мен артықшылықтарына тоқтала кетсек.

Кемшіліктері:

-Егер әйелдің бірі екіншісінен тартымдырақ болса жағдай қиын. Сіздің көзіңіздің үлкен, кірпігіңіздің ұзын, денеңіздің аппақ болғаны үшін «жазаланып» қалуыңыз мүмкін.

-Әйел адамдар көп ауырып қалады, балаларынын мәселесі де жиі мазалайды. Осындай себептермен жұмысқа шықпай қалса, сіздің шаруаларыңыз көбейеді.

-Тек әйелдерден тұратын ұжымда тұрмыс құрмаған қыздар жалғыздығын сезе бастайды екен.

-Өзіңізбен өзіңіз болу мүмкін емес. Себебі басқа әйелдер сізді назардан шығармайды.

— Өсек, айқай-шу, бос әңгемелер жиі болады. Бұлар сіздің ойыңызды жұмыстан алшақтатады.

Артықшылықтары:

-Егер қарныңыз ашса тамақ, шөлдесеңіз шәй табу қиын емес. Бұл тұрғыда әйелдер мүлде сараң емес.

-Әйелдер ұжымынан бас аурудың дәрісі, гигиеналық заттар, тырнақ егегіш, тіпті жаңа шұлықты да оңай табасыз.

-Жеке шаруаларыңызды шешуде де олардың бірінің көмегі тиіп қалуы мүмкін. Мысалы, бір әріптесіңіз жақсы дәрігер танысы болуы, балабақшаның директорының туысы осы сияқты түрлі «жеңілдіктер» табылып қалады.

-Әйелдерден үнемі жағымды иіс шығып тұрады. Олардан кейін жұмыс кобинетіңізге кіру қиын емес.

-Олар махаббат мәселесінде «психолог» болып, сіздің жігіттер туралы әзіліңізді түсіне біледі.

Әйелдер ұжымында тіл табысудың әдістері.

Басшылықпен жақсы тіл табыса біліңіз! Ұжым басшысымен қарым-қатынасыңыздың дүрыс болғаны абзал. Ол бәрі-бір өз пайдасын тигізеді.

Хатшылармен тым жақын болмаңыз! Біз кейде байқамай сөйлеп қоямыз. Сондай кезде қасыңызда хатшы қыздардың болмауын ескеріп жүріңіз. Хатшылар болмаса да, жаныңызда бастықтың «құлақтарының» отырмағанына сенімді болыңыз.

Салғыласып әуре болмаңыз! Өз пікіріңізді айтыңыз, бірақ өзгенікін жоққа шығармаңыз. Әркімнің түсінігі әртүрлі екенін біле жүріңіз. Кекшілдердің санасында жатталып қалмауғы тырысыңыз.

Өсек айтпаңыз! Біреуді ғайбаттап, өсектеп абырой жинай алмайсыз. Сондықтан бос, артық әңгімеден аулақ жүргеніңіз өзіңізге жақсы!

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер