Показать содержимое по тегу: Наурыз
Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы № 26 «Қарлығаш» бөбекжайының тәрбиеленушілері өздерінің көшеттерін отырғызды. Бұл шара Астана қаласының 20 жылдығы және Ақтау қаласының 55 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған ата-аналар мен тәрбиешілерде белсенді қатысты.
Наурыз айы туғанда, Наурыз мерекесі төрімізге енгенде іңгәләп дүние есігін ашқандар жетерлік. Айталық ықылым замандар мен арғы-бергі ғасырлардан бері аталып, тойланып келген түркі халықтарының ортақ мерекесі – Наурызға кеңестік идеология бұғаулық салғаны белгілі. Оны діни наным-сенімдермен байланыстырып келген кеңестік атеист-ғалымдар да аз емес.
Наурыз - шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Қазақ халқы да наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған.
Алматыда Наурыз мейрамын мерекелеу барысында 25 тонна бауырсақ, 25 тонна наурыз көже және 5 тонна палау дайындалады. "Астана" алаңы, Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде, Атлеттер ауылында, Almaty Arena алдындағы алаңда және барлық аудандарда дәстүрлі ас мәзірінен дәм татуға болады, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.