Зерттеушілердің пікірінше, суасты қайығын британдық бомбалаушылар батырған. Ол оқиға 1945 жылы 6 мамырда кеңес әскерлерінің Данияны нацистерден азат еткен соң орын алған.
58 экипаж мүшесі бар U-3523 суасты қайығы із-түссіз жоғалып кеткен. Олрадың ішінде нацистердің басшылығы және Адольф Гитлер болған. Алайда қайық аман қалып, бағытын Оңтүстік Америкаға бұрды деген қауесет те болды.
ⒸPen News«Бұл – Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында немістердің тапсырысымен салынған әлемдегі ең заманауи қайық. Ол өз заманынан озық тұрды. Немістер тапсырыс берген 118 қайықтың екеуі ғана пайдалануға берілген», - деді Ютландия теңіз флоты мұражайының директоры Герт Норман Андерсен.
Ал суасты қайығын оқу кемесі ретінде пайдаланған. Андерсеннің айтуынша, 5 мамырда соғыс біткен уақытта немістердің бірі сол қайықпен қашып кетпекші болған. Ал қайда және не үшін қашпақ болғаны белгісіз.