Алматыда Орталық Азияда алғаш рет Mini Maker Faire-2018 атты идеялар жәрмеңкесі өтті. Онда жүздеген жас ізденушілер мен қолөнер шеберлері өз тың идеяларын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыда үш метрлік бесік құрастырылды
Идеялар фестиваліне Орталық Азияның бес елінен және Ауғанстаннан келген қатысушылар робот техникасынан - Тесла катушкасы және электронды тоқыма өнімдеріне дейінгі 60-тан астам жобаны ұсынды. Ұйымдастырушылар - АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы өкілдерінің айтуынша, жас инженерлерді, компьютер ізденушілерін, суретшілерді маңызды жобаларды жасауға шабыттандырудың Қазақстан қоғамына берер жемісі мол.
"Өз арманын жаңа технологиялар арқылы жүзеге асыруды қалайтын жастарды жас өнертапқыштар - жаңа "Томас Эдисондар" деп атауға болады. Мұнда Түрікменстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, бүкіл Қазақстаннан жиналған жас дарын иелері жиналған. Олар тек ақпарат алмасып, технологияларды жай ғана пайдаланумен шектелмейді, бүгінгі таңда біз душар болып отырған өзекті мәселелердің жаңа шешімдерін де ұсынады", – дейді АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джордж Крол.
Фестивальда көз тартатын айтулы жобалардың бірі – металдан жасалған алып бесік болды. Биіктігі үш метр, ұзындығы жеті метрге жететін бесікке жиырма адам сыяды. Жоба авторы Арайлым Жұмаділлаеваның айтуынша, алып бесік – барша тіршілік иесінің туу және жаңаруының символы.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13