Дене қозғалысының тілі: Адамдарды қалай тарту керек?
15.03.2018, 09:16

Дене қозғалысының тілі: Адамдарды қалай тарту керек?

Келіссөз жүргізудің алтын ережесін білесіз бе? Коммуникация процесінде ақпараттың қабылдануы 56%-ы спикердің сырт келбетіне (мимикасы, іс-қимылы, киімі),  37%-ы қалай сөйлейтініне, тек  7%-ы ғана оның не айтып тұрғанына байланысты болады.

 Егер алдыңыздағы адамдарды бірден баурап алғыңыз келсе кеңесімізге құлақ түріңіз:


 
Бойыңызды дұрыс ұстаңыз

Біріншіден бұл әдемі. Өзін тік ұстаған адам әрдайым тартымды, өз-өзіне сенімді болады.

Қолыңызды қадағалаңыз

Қол қимылы көп нәрседен хабар береді. Қолдың мұрынға тиісуі өтіріктің белгісі. Сенім мен сенімділікті ашық алақан көрсетеді.

Әңгімелесушінің оң жағына тұрыңыз

Бұл кішігірім қулық сізге келіссөзде сенімді тұруға мүмкіндік береді. Адамды оң жағынан бақылаған ыңғайлырақ болады.
 
Әңгімелесушіңіздің көзіне қараңыз

Бұл кезде басыңызды тік ұстаңыз. Көзқарасыңыз мейірімді әрі сабырлы болуы тиіс. Бұл сенім ұялатады.
 
Күлімдеңіз

Әр күлімдеу шынайы болмайды. Оның шынайы не өтірік екенін білу үшін әңгімелесушінің көзіне қараңыз. Көз алдамайды.

Іс-қимылды көшіру

Егер әңгімелесушіңіз сіздің іс-қимылыңызды қайталаса диалогтың сәтті шыққаны.

Қашықтық сақтаңыз
 
Адамның жеке кеңістігін бұзу үлкен қолайсыздық тудырады. Оның аумағын келесідей:

Интимдік аумақ (15-45 см)
Бұл жеке меншік аумақ. Бұған ең жақын адамдар ғана өтеді (балалардың ата-анасы, жақын достар, туыстар).
  
Жеке аумақ (46 см - 1,22 м)
Мұндай қашықтықтар кештерде, ресми қабылдауларда, достық кездесулерде болады.
 
Әлеуметтік аумақ (1,22 - 3,6 м)
Мұндай қашықтық көп танымайтын адамдарға арналған. Мәселен жаңа жұмысқа келгендегі қашықтық.
 
Жария аумақ (3,6 м асатын) 
Қараңғы мезгілде бейтаныс адамдардың бұл аумақққа өтуі қорқыныш пен жағымсыз эмоциялар тудыруы мүмкін.
 
Қозғалып, іс-қимыл жасап тұрыңыз

Тіліңізбен ғана емес, денеңізбен де қарым-қатынас жасаңыз. Бас пен қол қимылы арқылы сенімділікті арттыруға болады.
 
Табаныңызды бақылаңыз
 
Екі аяғыңыздан нық тұрыңыз. Қозғалақтай беру сіздің сенімсіздігіңізді білдіреді.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер