Белсенді циклон Батыс Сібірге ауысады, осыған байланысты атмосфералық фронттар үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағы арқылы ығысатын болады.
7-8 наурызда суық фронттардың ықпалынан республиканың солтүстік бөлігінде қар жауып, боран, көктайғақ, қатты жел болады. Температура қысқа мерзімге көретіліп, артынан күн суытады.
Оңтүстік облыстарда жауын-шашын, ылғалды қар, тұман түсіп, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с-қа дейін жел соғады.
Бұған дейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланған болатын.
6 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Күндіз кей жерлерде найзағай болады. Кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жел соғады.
5-7 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде жауын-жашын көп түседі деп болжанып отыр. Осыған байланысты, мұздықтар еріп, жазық жерлерде ағын сулар пайда болады, су деңгейі көтерілуі мүмкін.
5-6 наурызда Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз ауа температурасы аз уақытқа көтеріліп, жауын-шашынның (қар, жаңбыр) кей жерлерде қатты түсуіне байланысты жазық аумақта қар ериді.