Отбасын құру маңызды іс. Осы бір сәтті көпшілік есінде мәңгі сақтап қалғысы келеді. Ол үшін үйлену туралы ұсынысты өзгеше қылып білдіреді.
Today.kz Қазақстанда үйлену туралы ұсынысты ерекше әрі күтпеген жерде жасаған жұптардың тізімін жасап көрді.
Отбасын құру маңызды іс. Осы бір сәтті көпшілік есінде мәңгі сақтап қалғысы келеді. Ол үшін үйлену туралы ұсынысты өзгеше қылып білдіреді.
Today.kz Қазақстанда үйлену туралы ұсынысты ерекше әрі күтпеген жерде жасаған жұптардың тізімін жасап көрді.
Тізімді ақтаулық жұп бастап тұр. Осы демалыста ақтаулықтар екі жастың махаббатына куә болды. Ақтаулық 32 жастағы Руслан өзінің сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты "Шадвал" халық ансамблінің көмегімен Ақтаудағы сауда орталықтарының бірінде жасады.
"Бұл ұсынысты өткен апта жасаймын деп ойлаған едім. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты мүмкіндік болмады. Бүгінге бұйырып тұр екен. Ойлаған ісімді жүзеге асыруға сауда орталығы әкімшілігі түсіністікпен қарап, бірден қолдау көрсетті. Дайындыққа біраз уақыт жұмсадық. Бірақ бәрі мен ойлағаннан әлдеқайда жақсы шықты. Сүйіктім Таисия таңғалып, бірден келісімін берді", - дейді Руслан.
Руслан мен Таисия үшін толғаныс пен сезімге толы сәтке сауда орталығындағы мыңдаған ақтаулық куә болды. Тіпті, қолдау білдіріп, қошемет көрсетті.
Тағы бір үйлену туралы ерекше ұсыныс сауда орталығында болды. Бірақ Ақтаудағы емес, Елордасы Астанадағы. Егде жастағы ер азамат 22 жыл күткен сүйіктісіне көпшілік алдында сезімін білдіріп, отбасын құру туралы ұсыныс білдірді. Осы сәттің куәгерлері бұны бірден видеоға түсіріп алған. Видео әлеуметтік желіде бірден тарады. Желі қолданушылары бұл видеоның шын не өтірік екенін болжап, түрлі пікір қалдырды.
Алматы - ғашықтар қаласы. Сондықтан бұл қалада өзгеше ұсыныстардың жасалуы заңды. Былтыр өткен халықаралық қысқы Универсиада екі жастың отау құруына себепші болды. Өйткені алматылық Әлішер Әбдіманапов 5 жыл жүрген сүйіктісі Анжелика Косенкоға универсиада кезінде ұсыныс білдіріп, келісімін алған еді. Иә, универсиада кезінде тек спортшылар ғана емес, ғашықтар да қанаттарын кең сермеді.
Былтыр жазда Алматыдағы ботаникалық бақта табиғат аясындағы қазақстандық фильмдердің көрсетілімі өтті. Осы бір керемет кезді романтик жігіттер құр жіберген жоқ. Алматылық Димаш Нұрсейітов фильм басталардан сәл бұрын сахнаға шығып, сүйіктісіне сезімін ақтарып, үйленуге ұсыныс білдірді. Осы кезде үлкен экраннан олардың суреттері көрсетілді. Жастарды қолдауға достары келген.
Айтпақшы, үйленуге ұсыныс білдірудің жаңа тренді пайда болды. Бұл ұсыныс той үстінде жасалды. Қалыңдық құрбыларына гүлді лақтармақ болады. Бірақ қалыңдық гүлді лақтырып жіберуді орнына, құрбысына апарып береді. Осы кезде алқызыл гүлі мен сақинасы құшақтап жігіт те шыға келеді. Осылайша отау құрып жатқан қалыңдық пен күйеу жігіт тағы бір отбасының құрылуына себепкер болады. Осыған ұқсас ұсынысты Артур Төлепов інісі Асылхан Төлеповтың тойында жасаған еді.
Үйленуге ұсынысты ерекше етіп білдірген жандар туралы ұзақ жаза беруге болады. Ол жігіттің фантазиясына тікелей тәуелді дүние екені көпке мәлім. Ұсыныс қалай жасалса да қыз болашақ жолдасына жүз пайыз сенімді болса "иә" деген жауап берері де түсінікті. Осындай сәттердің көп боларын сезген Мәдина Садуақасова жақында ғана "Иә дедім" деген әніне бейнебаян түсірді.
Жазба авторы:
Тойгүл Нұржанқызы
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13