"Иә, мен өзімнің тұрақты әрі тапқыр екенімді айттым. Мен дұрыс тамақтанамын, қол астымда ең жақсы аспаздар жұмыс істейді. Менде бәрі дұрыс", - дейді Дональд Трамп британдық тележурналист Пирс Морганға берген сұхбатында.
Жалпы "Трамп" пен "аспаз" деген сөз қатар айтылса көз алдыңызға айғай-шу, ұрыстың елестейтіні заңды. Өйткені АҚШ Президентінің аспаздар қауымымен қарым-қатынасы сіз бен біз ойлағандай жақсы емес.
Дональд Трамп президенттікке келерден бұрын танымал аспаз Хосе Андреспен соттасып, жанжалдасқан еді. Дональд Трамптың Вашингтонның орталығында орналасқан қонақ үйінде аспаз Хосе Андрес өзінің мейрамханасын ашу туралы келісімге келеді. Бірақ 2015 жылы аспаз Трампың қонақүйінен өзінің мейрамханасын ашудан бас тартады. Оған Дональд Трампттың Америкада тұратын испантілді халық туралы айтқан теріс пікірі себеп болған. Артынша Трамп Хосе Андресті келісімді бұзғаны үшін сотқа беріп, 10 миллион АҚШ долларын талап етті.
Ал танымал аспаз, мейрамханалар желісінің иесі әрі тележүргізуші Андерс Вендиді Дональд Трампқа ұқсағаны үшін 3 жігіт ұрып кеткен.
Ал CNN арнасындағы аспаздық шоуының жүргізушісі Энтони Бурден сұхбаттарының бірінде Дональд Трампың тамағына у қосып бергісі келетінін айтқан. Энтони Бурден улы тамақты тек Дональд Трампқа емес, Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынға да дайындағысы келетінін жеткізген. Аспаз артынша бұның әзіл екенін айтса да, CNN Энтони Бурденді жұмыстан қуды.
Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп пен CNN арнасының арасында әуелден жанжал болатын. Трамп аталған телеарнаны "жалған ақпарат таратушы" деп талай рет сынға алған еді. Тіпті, телеарна атауын "FNN" деп өзгерткен жөн болатынын айтып, мысқылдаған болатын.