Әшекейі арқылы әйел адамның мінезін тануға болады
25.01.2018, 16:10

Әшекейі арқылы әйел адамның мінезін тануға болады

Әшекейі арқылы әйел адамның мінезін тануға болады El.kz

Киім мен денеге арналған бояулар сияқты әшекейлер де иесі жайлы көп мағлұмат бере алады. Талғаммен таңдалған әшекей әйел адамның өзін-өзі бағалауында ешқандай қолайсыздық жоқтығын білдіреді.

Ағаштан жасалған әшекейлерді көбіне білімге құмар, өнерлі, қызығушылығы мол қыздар таңдайды. Мұндай аруды бағындырғысы келетін жігіт өтірік алдағысы келсе, өте абай болғаны жөн. Бар құпия ашылған кезде мұндай қыздар ештеңеге қарамай кетіп қалады. Көп жағдайда тылсым күштердің көмегіне мұқтаж болып жүреді. Әдетте, олар достары мен жолдастарының қиналыс, мұқтаждығынан хабардар. Өйткені, достары бастарына іс түскенде сондай жанның қолдауын қалап, өз проблемасын ашық айтқанды ұнатады. Олар тыңдап, біреудің қайғыларына ортақтаса алады.

Киізден жасалған сырға, моншақ пен білезіктерді жайлылық пен ыңғайлылықты жақсы көретін арулар тағады. Мұндай әшекей иелері өте эмоционалды болып келеді. Сезім мен ішкі түйсігіне бағынып шешім қабылдауға құмар. Жандары нәзік, сезімтал, олар құшақтағанды, қол ұстасқанды жақсы көреді.

Пластмассалық әшекейлерді ұқыпты, үнемшіл және өмірге шынайы көзқараспен қарайтын қыздар жақсы көреді. Олардың өз пікірі бар және керек кезде өз сөзінде тұра алады. Біреудің қысым жасағанын ұнатпайды. Жаңа танысуларға әрдайым ашық және ғашықтық пен махаббатты жиі шатастырады.

Металдан жасалған, көлемі өте үлкен емес әшекейлерді өзін қорғансыз сезінетін қыздар таңдайды. Олар сыртқы әдемілігі үшін емес, жан сұлулығын бағалап сүю керек деген ойда жүреді. Оларды жаулап алу үшін гүл, конфет, қымбат сыйлықтар сияқты әдемі бұйымдар емес, шынайы сезім керек.

Болаттай берік әшекейлерді алдына мақсат қойып, оған жетуді ғана көздейтін қыздар таңдайды. Олар басқалардың пікірін ескермейді.

Бисерден жасалған әшекейлерді жайнақы мінезді, әсершіл, басқа біреудің ықпалына оңай бағына кететін қыздар тағады.

Авторлық қолөнер әшекейлерін өзін ерекше санайтын, тәуелсіздігін көрсеткісі келетін арулар тағады. Мұндай арулар қыз балаға жат, жаман әдеттен аулақ болуды қалайды, көп адам жиналатын қоғамдық жиындардан қашқақтайды. Мінездерінде эгоистік басым және өзгелерге жоғарыдан қарауы да мүмкін. Өзгелерден ерекше, бірақ сәнді киінуге құмар және екінші жартысын таңдағанда да талғампаз келеді.

Винтажды әшекейлерге («тарихи» бұйымдар) балалық шағын қатты сағынатын қыздар құмартады. Олар - тым әсершіл, романтикаға жаны жақын жандар. Олардан ардақты ана және адал жар шығады. Салт-дәстүрлерді жіті ұстанады, отбасының берекесіне көп мән береді. Жиындарда отбасылық  салт бойынша тағамдар әзірлеп, дастархан жасағанды жақсы көреді.

Классикалық әшекейлерді жұмысбасты, өзіне қарауға шамасы жоқ қарапайым қыздар таңдайды. Кез-келген киіммен жарасып тұратын әшекейді (әмбебап) үнемі тағып жүре бергенді қалайды. Олар - қалыптасқан ережеге байланысты әрекет ететін арулар. Кейде бір қарағанда қарапайым әшекей сияқты көрінетін қымбат әшекейді өзінің әлеуметтік дәрежесін көрсету үшін тағуы мүмкін. Мұндай арулар өзінің бағасын біледі және оның бағасы жайлы жария етуді қаламайды.
Әшекейсіз ару. Әшекей - әйел адамның өзіне деген назары мен өзін-өзі бағалауының айғағы. Өзін жақсы көретін әйел өмірді де, басқаны да жақсы көре алады. Әшекейсіз жүру  «төрт құбыласы түгел болмай» жүрген жанға тән болып есептеледі.

©kyzdaralemi.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер