Орманда адасқан балаларды иттер құтқарып қалды
06.01.2018, 19:57

Орманда адасқан балаларды иттер құтқарып қалды

Ресейдің Свердлов облысында құтқарушылар орманда тәулікке жуық уақыт адасып жүрген екі жасөспірім баланы іздеп тапты, деп хабарлайды өңірлік ТЖМ басшылығының сайты.

Хабарламада балалардың Кушвы қаласынан 30 шақырым жерде орман ішінен табылғаны айтылады. Екеуінің де жағдайы орташа, аяқтарының өкше тұстарын үсік шалуына байланысты балалар ауруханаға жатқызылған.

Жергілікті БАҚ таратқан ақпараттарға сүйенсек, жоғалған жасөспірімдер түнде орман ішінде түнеген. Сіріңке болмағандықтан, от жаға алмаған. Ұлдардың жандарындағы төрт аяқты достары оларға жылынуға көмектесіпті.

Балаларды іздеуге 200-ден астам адам жұмылдырылған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер