ҚҰРАМЫ:
Лаваш Қияр Қызанақ Тауық еті (грудка) Орамжапырақ Уксус қышқылы Сарымсақ Аскөк Қант Тұз Қара бұрыш Сұйық май Майонез КетчупАлдымен туық етін ұсақтап турап, майға қуырамыз,
аздап осы дәмдеуішті және аздап тұз
қара бұрыш қосып, піскенше араластырып,
қуырып дайындап қоямыз.
Шамамен 300 грам орамжапырақты ұзыншалап турап,
азғантай шекер,
азғантай тұз салып,
1 шай қасық уксус қышқылын құйып,
аскөк салып, 3-4 түйір сарымсақты ұсақтап турап қолымызбен езгілейміз.
азғантай сұйық май құйып, тағы бір рет араластырамыз.
осымен салатымыз дайын!
Лаваштың бір шетіне қуырылған тауық етін салып,
үстіне орамжапырақ салатын,
ұсақтап туралған қызанақ,
ұсақтап туралған қияр салып,
кетчуп, майонез құйып, ораймыз. *** АС БОЛСЫН!