Олардың қатарында көпті сабырға шақырған тәртіп сақшылары да бар. Полиция 1700-ге жуық адамды қамауға алған.
Естеріңізге сала кетейік, Гондурастағы ереуілдер президент сайлауының қорытындысы жарияланғаннан кейін басталды. Ресми дерек бойынша, оппозиция талабымен дауыстар қайта саналғаннан кейін де, елдің қазіргі президенті Хуан Орландо Эрнандес дауыстың 42,98 пайызын, ал оппозиция өкілі Сальвадор Насралла 41,38 пайызын жинаған. Әрине, көп дауысқа ие үміткер президент болуы тиіс. Бірақ көптің көңілі бәрібір күпті.