Ал Сингапурда сағызды сату, тасымалдау, қолдануға тыйым салынғанын білесіз бе? Ол жақта тек емдік сағыздарды, дәрігердің рецептісі бойынша, дәріханалардан ғана алуға болады. Ал бұл елдің территориясында байқамай сағыз шайнап қойсаңыз, 1000 доллар айыппұл төлеуіңізге тура келеді. Сағызға байланысты бұл заңды ел үкіметі қоғамдық орындардағы тазалықпен түсіндіреді. Себебі онда сағызды тастап, ластаушылар көбейіп кеткен (иә, біздің мәдениеттілігімізге де кері әсерін тигізеді).
Неден жасалады?
Негізінен құрамы 3 басты нәрседен: резіңке (кәдімгі резіңке) тәттілеуіштер мен ароматизаторлардан тұрады.
Бұрындары, сағызды табиғи каучуктан жасаған. Ол сағыздардың денсаулыққа зияны болмайтын. Ал қазір олай жасау қымбат әрі ұзақ уақытты алады. Сондықтан өндірушілер осы жеңіл, жылдам дайындау тәсілін тапқан.
Сингапурда сағызды сату, тасымалдау, қолдануға тыйым салынған және оны дәрігердің рецептісі бойынша дәріханалардан ғана алуға болады. Ал бұл елдің территориясында байқамай сағыз шайнап қойсаңыз, 1000 доллар айыппұл төлеуіңізге тура келеді.
Ал енді денсаулыққа зиянын атап көрсетсек:
1. Аспартам – бас ауруын, бас айналу мен жүрек айнуды тудыратын тәттілеуіш. Сағызды шайнағанда еритін ол ағзаға түскен соң формальдегидке, содан соң метаболикалық ацидоз тудыратын құмырсқа қышқылына (орманды жердің ірі құмырсқаларынан алынатын қышқыл) айналады.
2. Ацесульфам-К – ағзада түрлі ісіктердің пайда болуына себепші.
3. Қант. Сағыздың құрамында қант болмайды деу – қате. Ал қанттың зияны белгілі. Сондай-ақ, ағзамызға зиянды сорбит, ксилит, дәмдеуіштер, бояғыштар мен химикаттар өте көп.
4. Сағызды ұзақ уақыт бойы әсіресе, ашқарынға шайнау – гастрит пен асқазанның ойық жарасына, басқа да асқазан-ішек ауруларын тудырады. Сілекейдің шектен тыс көп бөлінуінен асқазан жұмысының нашарлауына алып келеді.
5. «Тістерді қатайтып, ауыз қуысын тазартады, балғын леп береді» –жарнама мен аңыз ғана. Сағыз керісінше, тісжегілердің пайда болуына сеп.
Сағызды ұзақ уақыт бойы әсіресе, ашқарынға шайнау – гастрит пен асқазанның ойық жарасына, басқа да асқазан-ішек ауруларын тудырады.
Дәрігерлер сағызды тек тамақтан соң, 10-15 минут қана шайнау керектігін айтады (сонда маймылдардың бізден ақылдырақ болғаны ма?).