Қателесіз. Бұл – жаңа туылған сәби. Салмағы 18 келі! Кесір тілігін жасап, алып әйелді босандырған дәрігердің өзі баланы алғаш көргенде абдырап қалыпты. Себебі үлкендігіне қарап, оны бірнеше бала дүниеге әкеледі деп ойлапты.
«Мен, шынымды айтсам, 2-3 бала болар деп ойладым. Сөйтсем, жалғыз екен. Бірақ сондай алып. Болашақта ол регбиші болатын шығар» , — дейді дәрігер.
Нәрестенің осынша үлкен болуы жайдан-жай емес. Өйткені оның анасның салмағы 250 келі тартады. Мұндай салмақпен дүниеге бала әкелу, табиғи жолмен босану оңайға түспейтін болғандықтан, дәрігерлер оған кесір тілігін жасауға мәжбүр болыпты.
Бұл – әлемдегі ең үлкен сәби. Анасы Ева екеуі рекордтар кітабына еніп, медальға ие болды. Ал бұған дейінгі рекорд Оңтүстік Америкалық балаға тиесілі болатын. Ол 1839 жылы 17,6 келі болып дүниеге келген екен. Бүгінгі кейіпкер одан 400 г басым түсіп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, баланың денсаулығы жақсы, ешқандай ауытқушылығы байқалмайды.
Дерек көзі: ikerim.kz: