Лондон тұрғыны қазақ тілін зерттеп, қазақша диссертация қорғамақ
22.11.2016, 16:54

Лондон тұрғыны қазақ тілін зерттеп, қазақша диссертация қорғамақ

Қазақтың мойыны жар бермей жүргенде қазақ тілі туралы жан-жақты зерттеп, зерделеп, оның тарихын, оның көркемдігін, оның мағынасын ашып жатқан өзге ұлт өкілдері, өзге ел азаматтары жетерлік.

Кезінде Г.Потаниннің «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» дейтін бір ауыз пікірінен басталған қазақ тілін тану мәселесі бүгінгі қазақта өзге ұлттардың барлығын тамсандырып келеді.Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дейтін қазақ осы алтын тілін, аталы сөзін тани алмай жүргенде Сібірде туып, Лондонда өскен Надежда Кристофер қазақтың тілін танып, қазақтың сөйлеу мәдениетін, сөз қолданыстағы шеберлігі туралы ғылыми еңбек жазып жатыр екен. Қазақстанда 9-ақ ай тұрып, қазақ тілінің қолданылу аясын, сөйлей білуді меңгерген француз қызы тіл үйренем деген адамға уақыттың кедергі болмайтынын алға тартады.

Біз бұны «жылтырақ көрсе қызығар» елікпелікпен емес, біздің елдің тіл туралы әңгімені тыңдағысы да келмейтін азаматтарына ескерту ретінде айтқымыз келеді. Қолымыздағы алтынның қадірін біліп, досқа күлкі, дұшпанға таба болмай, мемлекеттік тілімізді меңгеретін уақыт жетті.

Надежда алдағы уақытта Қазақстанда тұрып, қазақ тілін мұнан да жетік менгергісі келеді. Сонымен қатар ол қазақ тілі бойынша бірлесе жұмыс істеуге кез келген оқу орнымен келісімге келуге дайын.

 

Дерек көзі: baq.kz

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер