"Мәссағаны" түсінікті. Ал безгелдек дуадақтар тұқымдасына жататын құс түрі екен. "Оның ұшуы таңғаларлықтай болып келетін көрінеді. Сондықтан да, таңқалысты білдіретін одағай болып қалыптасқан" деген бір версия бар.
Мамандардың сипаттауынша, бұл құс екпінді жылдам әуелеп ұшудан кейін, қанаттарын жылдам қағып, түзу сызықпен шарықтайды, қанаттары осы кезде сылдырлаған дыбыс шығарады.
Безгелдек тек тың жерге қоныстанады. Жұптасып тіршілік етеді.
Мамыр айында аналығы 3-5-тен 7-11-ге дейін жасыл түсті жұмыртқаларын салады, бір ай шамасында басып шығарады. Балапандары тамызда ұша бастайды. Балапандары жәндіктермен, ересектері дән және өсімдіктің жас бұтақтарымен қоректенеді. Қазақстанда тың жерді игеруге байланысты безгелдек те дуадақ сияқты ХХ ғасырдың орта тұсында азая бастады.