Показать содержимое по тегу: Мұнайлы ел
Маңғыстау өңірінде экологиялық ахуал тұрақты. Қоршаған ортаны қорғау бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылған. Ал өңірдегі ең өзекті экологиялық проблеманың бірі көп жылдар бойы айтылып келе жатқан «Қошқар – ата» қалдық қоймасы. Оның маңындағы экологиялық жағдайды тұрақтандыру жұмыстары биыл да жалғасын табады. Ол үшін 2018 жылға республикалық бюджеттен 2 млрд. теңге қарастырылған. Бұл туралы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысының міндетін атқарушы Есенқос Әділбаев мәлімдеді.