Показать содержимое по тегу: Байбек Алматы театр өнер мәдениет қазақ Қазақстан
- Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қалалықтардың атынан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық театрына90-жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Silteme.kz.
Қала әкімі драмалық театрдың басты сахнасындағы мерейтойда салтанатты түрде Hyundai маркалы микроавтобус кілтін театр басшылығына табыс ете отырып, өнер қайраткерлерін мерейтойларымен құттықтады. Құттықтау барысында Б.Байбек театрдың тарихымен мәдени мұрасы оңтүстік астананың ғана емес, бүкіл Қазақстанның өнер шежіресіне айналғанын атап өтті.
Сонымен қатар, ресми бөлімінде қала әкімі «Мұхтар Әуезов атындағы драма театрын шын жүректен 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Театрдың өмірбаяны сонау 1925 жылы Қызылорда қаласынан басталады. Өнердің биік шыңының үлгісі болған театрымыз еліміздің мәдениетіндегі беталыстарға бастама болып келеді. Осы киелі сахнада Шекспирдің, Островскийдің, Гогольдің, Горькийдің және көптеген атақты классиктердің шығармалары қойылды. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеніндей, Мұхтар Әуезовтың есімін арқалап отырған театр қазақ халқының рухын дамытуда алатын орын ерекше және өз тарихында бай кезеңдерді қамтыған, ол, әрине, өте жоғары баға болып табылады», деп атап өтті.
Салтанатты іс-шара «Сыған серенадасы» мюзиклін тамашалаумен жалғасын тапты. Бұл қойылымда мерейтойын атап өтіп отырған театр актерлары Шәмші Қалдаяқов сынды ұлы композитордың өмірбаян беттерін шынайы көрсететі.
Өнерсүйер қауымға қазақ халқының сазгері мен сыған қызының махаббатын суреттейтін махаббат тарихы ұсынылды. Екі жүректің өзара шынайы махаббатының нәтижесі ретінде тамаша композиция - «Сыған серенадасы» туындаған. Актерлардың шебер ойыны көрермендерді махаббат, бәскелестік, қайғы мен қуаныш қатар жүретін сыған қосының өміріне шолу жасауына мүмкіндік берді.