Оның ұйымдастырушылары – WADF-World Artistic Dance Federation. Сайыс екі би алаңында алты күнге созылды. Чемпионатта Франция, Италия, Швеция, Венгрия, ЮАР, Шотландия сияқты көптеген мемлекеттерден 3600-ға жуық биші қатысып, бағын сынады. Қазақстан Республикасын бірнеше номинация бойынша Астана қаласы Оқушылар сарайының Bomond балдық би ансамблі танытты. Чемпионат қорытындысы бойынша біздің ансамбль юниорлар категориясындағы Standart, Latin, All Styles үш номинациясы бойынша абсолютті жеңімпаз атанды. Айта кетейік, ансамбль – әртүрлі халықаралық сайыстарда еліміздің намысын қорғап жүрген ансамбльдің бірі. Осыған дейін Мәскеуде, Мармаристе (Түркия), Новосибирскіде, Тбилисиде көптеген жеңістерге ие болған еді. Әділқазылардың айтуынша, чемпионатта оқушылар жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті. Сондай-ақ, олардың ерекше таңдалған костюмдері де назардан тыс қалмады. Әрине, ансамбльдің мұндай жетістікке жетуіне оның жетекшісі мен бапкері Владислав Лидің сіңірген еңбегі орасан зор, деп жазады «Оқушылар сарайы» МҚКК баспасөз қызметі.
Астаналық жасөспірім бишілер әлем чемпионатында топ жарды
2016 жылдың 22-27 қараша күндері Чехияның Либерец қаласында осымен сегізінші рет биден әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды 24.kz.