Алдын ала жоспар бойынша, алып кітапхана кешеніне жыл сайын 42 миллионға жуық адам келеді.
Еске сала кетсек, кітапхана салу туралы заңға 2016 жылдың басында БАӘ вице-президенті, премьер-министрі әрі Дубай қаласының әміршісі, шейх Мұхаммед бин Рашид әл-Мақтұм қол қойған болатын.
Жобаны жүзеге асыру шамамен 272 миллион долларды құрайды. Кешенде жарты миллионға жуық кітап томдары мен екі миллионға жуық электронды кітап қоры болады.
Кітапхана 8 тақырыптық бөлімдерден тұрады, жыл сайын мұнда жүздеген мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізілмек. «Бұл кітапхана араб әлемінің білім ошағы, өркениет орталығына айналуы тиіс» деп атап өтті Дубай әмірі әл-Мақтұм.