«Министрлік 3 жылдық бюджет жобасын министрліктің 2017-2021 жылдарға арналған жоспарына сәйкес ұйымдастырады. 2017 жылдың стратегиялық жоспарын жүзеге асыру үшін 2017 жылға 3 трлн 104 млрд теңге бөлу қарастырылған, ол ЖІӨ қатынасына сәйкес 6,4 пайызды құрап, республикалық бюджетке 40 пайыз көрсеткішті құрайды. Оның ішінде 3 трлн 047 млрд теңгесі – ағымдағы бағдарлама, 57 млрд теңге – даму бюджеті», — деді вице-министр.
Оның айтуынша, 2018 жылға да бюджет жоспарланған, ол 3 трлн 457 млрд теңгені құрап отыр. 2019 жылғы бюджет 3 трлн 947 млрд теңгені құрады.
Вице-министр айтып өткендей, ДСӘДМ шығыны 2 бағытқа бөлінеді: денсаулық сақтау,2017 жылғы шығыны 1 трлн 014 млрд теңге, әлеуметтік даму – 2 трлн 090 млрд теңге.
«Денсаулық сақтау саласында КТМКК саласына 90 пайыздық үлес қосылады, ол 915 млрд теңге. Қалған қаржы кадр дайындау және медициналық кадрларды дамытуға бағытталған», — деді ол.
Әлеуметтік еңбек саласында 96 пайыз немесе 1 трлн 998 млрд теңге әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақыны құрады.
LS-тің жазуынша, бөлінген сома ЖІӨ-нің 6,4%-ын немесе барлық мемлекеттік бюджеттің 40%-ын құрайды.