Ұлттық брендті анықтау байқауына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
27.09.2016, 10:15

Ұлттық брендті анықтау байқауына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

Ұлттық брендті анықтау жөніндегі байқауға өтінімдер қабылдау мерзімі  2017 жылдың 15 қазанына дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Құрметті достар!

Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқаудың Ұйымдастыру комитеті өтінімдер қабылдауды 2017 жылдың 15 қазанына дейін ұзарту жөнінде шешім қабылдады.

Байқауға қазіргі күнге дейін 260 жұмыс келіп түсті. Бұл жұмыстарға қарап, Ел даңқын асқақтатуға деген құштарлықты көруге болады. 

Дегенмен, соңғы аптада министрліктің атына байқау мерзімін ұзарту жөнінде көптеген өтініш түсті. Олардың көпшілігі байқау туралы дер кезінде естіп үлгермегенін алға тартуда. Осы орайда біз көпшіліктің ұсыныс-тілегін ескергенді жөн көріп отырмыз.

Сөзімнің соңында әлі іріктеліп алынбаған, кездейсоқ таңдалған бірнеше жұмысты назарларыңызға ұсынамын», - деп жазған министр.

 

і

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер