Талдықорғандықтар Жетісу өңірінің тарихи аңыздарын елге паш етпек
17.04.2018, 10:45

Талдықорғандықтар Жетісу өңірінің тарихи аңыздарын елге паш етпек

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында Талдықорғанда «Ата аңыздары» атты Жетісу жерінің әсем табиғаты мен бірегей аңыздары видеоматериалға қамтылған жоба іске аспақ. Жоба авторы Медет Құрманов жобадан қандай нәтижелер күтілетінін айтты, деп хабарлайды silteme.kz AA.

«Жобаның идеясы мен мақсаты - тарихи мұраны сақтау және оны болашақ ұрпаққа таныстыру. Бұл халық аңыздарына негізделген қысқаметражды фильмдердің жиынтығы болмақ. Біз көптеген танымал, сондай-ақ белгілі емес аңыздарды табуға тырыстық және оларды қазіргі жас ұрпаққа көрсетуге тырысамыз. Жобаның презентациясы осыдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының жарияланған күніне сәйкес келіп отыр», - дейді М.Құрманов.

Аталмыш қысқаметражды фильмді түсіру үшін облыстың 17 ауданы мен 3 қаласын аралады. Сонымен қатар, түсірілім тобы ақсақалдар мен ардагерлер кеңесімен жүздесіп, елде болған шынайы оқиғаларды жинады. Автордың ойына интернет, кітап сөрелерінен табылмайтын аңыздарды жинау идеясы осыдан 1 жыл бұрын келген екен. Алайда оны түсіру мен сараптау жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып келеді.

«Жоба келешек ұрпақтың тәрбиесіне тікелей әсер етеді. Өйткені, ақсақалдардың әңгімелері ата-бабаларымыздың тарихын, тұрмыс-тіршілігін бейнелейді. Сондай-ақ, бұл аңыздар арқылы Жетісу табиғаты бейнеленіп, ішкі туризмнің дамуына серпін береді. Яғни олар бірегей археологиялық ескерткіштердің сұлулығын тереңірек ашып, туризмге деген қызығушылықты арттырады», - деп қорытындылады М.Құрманов.

Айта кету керек, жоба облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен іске асып отыр.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер