Төлебиден лидерлерге бір кеңес
22.12.2017, 14:06

Төлебиден лидерлерге бір кеңес

– Ілгеріде бір ханның дүйім жұртқа атағы шығыпты. Тұс-тұстан сәлем беріп келушілер жыл бойына таусылмайды екен. Сол хан бір күні той жасайды.

– Жұрт не айтар екен? – деп жасырын адам қойыпты. Күнде екі-үш ауылдан келіп той ұзаққа созылады.

– Па, мынау байлығын бір көрсетті, күнде той. Тамағы май, жей алмадық, – деп жұрт жақтырмапты.

– Не деді ел? –  деп хан сұраса:

– Хан байлығын көрсетті. Еті семіз, тамағы май болып, жей алмадық деді, –  дейді тыңшысы.

Хан келесі жылы елді сынамақ болып тағы той жасады.

– Майлы етті азырақ салыңдар, сойыс мал семіз болмасын, – дейді.

Ел тағы келеді:

– Уай, бұл хан жас күнінде жетім боп өскен кедей еді. Бұл баяғы кембағалдығын танытты, –дейді халық берген етін арықсынып.

– Бұл – әркімге бірдей жаға алмайсың деген мысал сөз. Бірақ, бірдей бола алғанға не жетсін. Бар қажыр-қайратты, ақылды соған жұмсау керек, – деп доғарыпты Төле би.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер