«Абылай ханның рөлін ағылшын ойнайды» дегенді естігенде біз қарсы болып: «Абылайды Оразды ойнаған жігіт немесе қазаққа келбеті келетін Марк Дакаскас ойнасын» деген тілегімізді айттық. Бірақ ұсынысымыз қабылданбады. Бізге киноға түсіп жатқан актерлар әлемдік прокаттың бәсін қыздырады деген уәж айтылды. Осы киноны көрген сайын Абылайды нар тұлғалы қазақ ойнағанда болмысы басқаша болар ма еді деп өкінемін. Қалай болғанда да бұл кино өзінің миссиясын орындады. «Көшпенділерді» талай ел сатып алды. Осы кино арқылы әлем көшпенділерді таныды», - деген өнер қайраткері.
Сондай-ақ, ол қазіргі қазақ киносының деңгейі туралы әңгімеледі.
«Біздің ең басты олжамыз өз халқымыздың сұранысын қанағаттандыру. Осы белесті бағындырып жатсақ, әлемді жаулауға кірісуге болады. Бүгінде атақ та, даңқ та сатылады. Тпті «Оскар», «Нобель» сыйлықтарының өзі базардағы саудагердің қолындағы дүниедей болып қалды. Біздің мұратымыз халықаралық жарыстан сыйлық алу емес, халықтың алғысы мен ықыласына кенелу болуы керек. Бір құлап, бір тұрып жатса да, қазақ киносы қалыптасып, дамып келеді. Болашақта көрермендердің қазақ киносына деген ықыласы артса, жағдай қазіргіден де жақсы болады», - деп атап өткен Д.Жолжақсынов.