Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерлан Сағадиев мәлім етті.
«Үстіміздегі жылы жоғары білім беру жүйесінде гранттар саны бакалаврлар үшін 31 мыңнан 36 мыңға, магистранттар үшін 7 мыңнан 10 мыңға, докторанттар үшін 600-ден 1 мыңға арттырылды. Бұл өте байыпты өсім», - деді министр.
Дегенмен, Ерлан Сағадиев алқа мәжілісі барысында өңір әкімдерінен облыстың ерекшеліктеріне байланысты жергілікті жоғары оқу орындарында оқу үшін өз гранттарын бөлуді өтінді.