Мәдина – Алла Тағала және Оның Елшісі (с.ғ.с.) қиямет күніне дейін қасиетті деп жариялаған қала. Мекке қаласын Ибраһим (ғ.с.) қасиетті десе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдина қаласын киелі етті. Ол өз дұғасында: «Уа, Алла! Ибраһим Меккені қасиетті етті, ал мен қос қара тас арасындағы жерді (Мәдинаны) қасиетті еттім»,-деген екен.