Показать содержимое по тегу: тартыс
Латынға көшу реформасы технология мен тіл білімі саласындағы көптеген проблеманың бар екендігін көрсетті. Тіл білімі мен ақпараттық технологиялардан хабары бары да жоғы да айналасы бір-айдың көлемінде аталмыш салалардың майын ішкен сарапшы мамандар болып шыға келді. Қоғам диграфшылар, диакритикашылар, апострофшылар және кириллшілер болып бөлініп алды.
14 қараша күні Ресейдің тергеу комитеті Кемер облысының губернаторы Аман Төлеевтің орынбасарлары Алексей Иванов пен Алексанр Данильченкоға, сонымен қатар бірнеше қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды egemen.kz.
Каримовтың көзi жұмылды деген ақпарды ресми Ташкент жоққа шығарды. Қазiр оның атына тәуелсiздiк мерекесiне орай құттықтаулар түсiп жатыр. Өзбек президентiнiң сайтындағы мәлiметтерге қарағанда, Каримовты айтулы мерекемен құттықтағандардың арасында Украина, Тәжiкстан, Түркiменстан, Ауғанстан президенттерiн былай қойғанда, АҚШ пен Қытай басшысы да бар. Барак Обама Өзбекстанның территориялық тұтастығын қолдай беретiнiн бiлдiрсе, Си Цзиньпин тiптi Каримовке денсаулық тiлеген. Алайда өзбек лидерiнiң қазiр қандай жағдайда екенi Ташкенттегi шағын топқа ғана белгiлi. Ел тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған мерекелiк шаралардың кейiнге шегерiлуiнiң өзi көп нәрсенi айғақтап тұрғандай. Бiрақ бастысы, бұл емес. Дәл қазiр президенттiң өлi-тiрiсiнен гөрi әлем жұртын Каримовтан кейiнгi Өзбекстанның қандай болатыны көбiрек толғандырады.
Батыс саясаткерлері Ресей президенті Владимир Путинмен қарым-қатынаста айтарлықтай үлкен қателіктерге жол беріп қойды. Енді соның жемісін өздері теріп, жеп жатыр. Германия бундестагіндегі солшылдар партиясының бұрынғы басшысы, немістің белгілі саясаткері Грегор Гизи осылай деп есептейді, деп жазады "Егемен Қазақстан" газеті.
АҚШ-та сайлау додасы жақындаған сайын президенттікке кандидат Дональд Трамп пен Хиллари Клинтон арасында бәсекелестік қыза түсуде.
Сарапшылардың айтуына қарағанда, Клинтоннан гөрі жұртшылықты Трамптың көзқарасы көбірек қызықтыратын сияқты. АҚШ демократтары Трамптың билік басына келуіне қарсы. Мұның көптеген себептері бар. Республикалық партияның атынан додаға түсіп отырған Трамп ең алдымен АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасты жақсартпақ. Сонымен қатар, НАТО ұйымын қайта құру туралы пікірі де америкашыл елдерге ұнап отырған жоқ. Осыдан біраз уақыт бұрын ол елге ағылып келіп жатқан мигранттарды шекарадан кері қайтару туралы ой айтқан. Сайлау жақындағанда бастапқы пікірінен айнып, елге заңсыз келген мигранттарға азаматтық берудің қажеті жоқ деп отыр. «Босқындарды Америка керек етпейді». АҚШ-тың өзі босқындар мен сырттан келген келімсектерден құралғанын ескерсек, Трамптың сөзі оларға түрпідей тиетіне анық. Бұл ғана емес, күніне мың құбылатын Трамп енді сотталған шетел азаматтарын АҚШ-тан қуып, отанына қайтару идеясын ұсынып жүр.
Бұдан шығатын қорытынды не? Бір пікірін алуан түрлі етіп айта беретін Дональд Трамп 8 қарашада өтетін президенттік сайлауда қатарласынан оқ бойы озып шыға ала ма? Бірақ көптеген сарапшылар әпербақандау Трамптың қазіргі әрекеті ешқандай жеңіс әкелмейді деп отыр. Уақыт көрсетер. Дегенмен, АҚШ тарихында АҚ үйдің басшылығына президент әйелдің келмегенін ескерсек, Хиллари Клинтонның мемлекет басқаруға толық мүмкіндігі туып тұр.