Неміс саясаткері: Обама Путинге бұлай демеуі керек еді
26.08.2016, 20:47

Неміс саясаткері: Обама Путинге бұлай демеуі керек еді

Мұрат Айтқожа Мұрат Айтқожа

Батыс саясаткерлері Ресей президенті Владимир Путинмен қарым-қатынаста айтарлықтай үлкен қателіктерге жол беріп қойды. Енді соның жемісін өздері теріп, жеп жатыр. Германия бундестагіндегі солшылдар партиясының бұрынғы басшысы, немістің белгілі саясаткері Грегор Гизи осылай деп есептейді, деп жазады "Егемен Қазақстан" газеті.

Бұл ретте ол ең алдымен АҚШ президенті Барак Обаманың Ресейді аймақтық держава деп кемсіте атауының бекер болғанына назар аудартады.

«Путин –  жолбарыстың қайраты бар күрескерлер тегінен, мұндай адамға ондай нәрселерді айтуға болмайды. Оның үстіне, Путин мен Обаманың жеке қарым-қатынастары да басынан жақсы болып қалыптаса қоймады. Қалай болғанда да, Путин америкалықтарға Сириядағы соғыста Ресейдің әлемдік деңгейдегі держава екенін толық танытып берді», – деді Гизи өзінің Die Welt газетіне берген сұхбатында.

Ол Батыстың қателіктері қатарына сондай-ақ Югославияны бомбалауды, Ресейдің Шығыс Еуропадағы шекарасы бойына ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін орналастыруды, Украинаны батыс альянсына тартпақ болған әрекетті жатқызды. Грегор Гизи бұдан бөлек, Батыстың кезінде Косовоның бөлініп шығуында қандай рөл ойнағанын алға тарта отырып, Қырым үшін Ресейге қарсы санкция енгізудің түк керегі болмағанын атап өтті.

Саясаткер енді Мәскеу Батысты әлсірету үшін кез келген батыл қимылға барады деп санайды. Ол сол мақсатта Түркиямен қарым-қатынасты қалпына келтіріп алады. Ол осыған байланысты Батыс лидерлері шешімдерінің ойланбастан жасалған әрекет ретінде атап көрсетеді.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер