Мың құбылған Трамп президент бола ала ма?
26.08.2016, 22:56

Мың құбылған Трамп президент бола ала ма?

АҚШ-та сайлау додасы жақындаған сайын президенттікке кандидат Дональд Трамп пен Хиллари Клинтон арасында бәсекелестік қыза түсуде.

Сарапшылардың айтуына қарағанда, Клинтоннан гөрі жұртшылықты Трамптың көзқарасы көбірек қызықтыратын сияқты.  АҚШ демократтары Трамптың билік басына келуіне қарсы. Мұның көптеген себептері бар. Республикалық партияның атынан додаға түсіп отырған Трамп ең алдымен АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасты жақсартпақ. Сонымен қатар, НАТО ұйымын қайта құру туралы пікірі де америкашыл елдерге ұнап отырған жоқ. Осыдан біраз уақыт бұрын ол елге ағылып келіп жатқан мигранттарды шекарадан кері қайтару туралы ой айтқан. Сайлау жақындағанда бастапқы пікірінен айнып, елге заңсыз келген мигранттарға азаматтық берудің қажеті жоқ деп отыр. «Босқындарды Америка керек етпейді». АҚШ-тың өзі босқындар мен сырттан келген келімсектерден құралғанын ескерсек, Трамптың сөзі оларға түрпідей тиетіне анық. Бұл ғана емес, күніне мың құбылатын Трамп енді сотталған шетел азаматтарын АҚШ-тан қуып, отанына қайтару идеясын ұсынып жүр.

Бұдан шығатын қорытынды не? Бір пікірін алуан түрлі етіп айта беретін Дональд Трамп 8 қарашада өтетін президенттік сайлауда қатарласынан оқ бойы озып шыға ала ма? Бірақ көптеген сарапшылар әпербақандау Трамптың қазіргі әрекеті ешқандай жеңіс әкелмейді деп отыр. Уақыт көрсетер. Дегенмен, АҚШ тарихында АҚ үйдің басшылығына  президент әйелдің келмегенін ескерсек, Хиллари Клинтонның мемлекет басқаруға толық мүмкіндігі туып тұр. 

Берік Бейсенұлы

© aikyn.kz

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер