Конвертер дауы
14.11.2017, 22:18

Конвертер дауы

Латынға көшу реформасы технология мен тіл білімі саласындағы көптеген проблеманың бар екендігін көрсетті. Тіл білімі мен ақпараттық технологиялардан хабары бары да жоғы да айналасы бір-айдың көлемінде аталмыш салалардың майын ішкен сарапшы мамандар болып шыға келді. Қоғам диграфшылар, диакритикашылар, апострофшылар және кириллшілер болып бөлініп алды.

Әліпбидің қай түріне тоқтауымыз керек деген дау бітпей жатып, әлеуметтік желідегілер латынға көшудің технологиялық жағына, нақтырақ айтсақ, конвертор мәселесіне ауысып кетті.

Латын графикасының ұсынылған ресми нұсқаларына көңілі толмаған жұрттың қыжылы біртіндеп жеке басқа өтіп кеткені мені алаңдатып отыр. Сол себепті мен де өзімнің бар білгенімді ортаға салғым келді. Себебі, айыптаушы жақ та, айыпталушы жақ та маған бөтен адамдар емес, барлығы елдің алдында жүрген азаматтар.

Сонымен, конвертор әзірлеуді әлеуметтік желіде пост жазғандай оңай шаруа деп қарастыру, меніңше, сәл қисынға қиғаштау, дұрыс емес деп ойлаймын.

Конвертор әзірлеу кемінде келесідей этаптардан тұрады:

1. Қазақ тілінің емле ережесін қайта қарастыру керек. Бұл процесске кәсіби филологтардың ұжымы тартылады. Оларды жалақымен қамтамасыз ету.

2. Емле ережелері реттелгеннен кейін мәселенің техникалық жағы, яғни конвертордың өзі әзірленеді. Алайда конверторға кірісу үшін латынның ресми нұсқасы бекітілуі тиіс. Соңғы кездері жасалған мәлімдемелерден латынның ресми нұсқасы әлі бекітілген жоқ. Оны анықтайтын комиссия. Егер апостроф өзгермей қалса кириллицадан латынға ауыстыру оңай болғанмен, латыннан кириллицаға сәйкестендіруде қиындықтар туындайды. Ол кезде сөздер базасы мен ттімді алгоритм енгізуге тура келеді.

3. Аталмыш конвертерді тек қарапайым халық қана емес, сонымен бірге мемлекетті мекемелер де қолданатыны анық. Ол көпшілікке жариялауға болмайтын құпия құжаттар конвертер арқылы өтеді деген сөз. Яғни жүйенің қауіпсіздік жағы да мұқият қарастырылуы керек. Ақпараттық қауіпсіздікті шешу қажет.

4. Конвертің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін үлкен көлемді серверлер қажет болады. Себебі бір мезетте мыңдаған қолданушы кіріп, конвертация істеуі мүмкін. (Мүмкін!!!) Конвертер қай бағдарламалау тілінде жазылып, қалай жазылғандығына байланысты.

5. Латынға көшу 2025 жылға дейін жүзеге асатын үлкен реформа екенін ескерсек, онда конвертация әзірлеуге кететін барлық шығындарды 8 жылға бөлген кезде аса үлкен сумма шықпайды. Себебі атқарылатын жұмыстар өте көп.

6. т.б.

Елдік мәселеде орынды ұсыныс, ұтымды пікір айтудың еш айыбы жоқ. Алайда латынға көшу мәселесінде туындаған бар проблемаларды бір компаниядан көру, қала берді тұлғаның жеке басына өтіп кету әдепке жатпайды деп ойлаймын!

 

Ербол Серікбай

Фэйсбук парақшасынан

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер