Показать содержимое по тегу: Самғау
«Халық маркасы» тұтыну белгісіне ие болған брендтер тақырыбына арналған журналистер арасындағы «Самғау» ұлттық байқауына өтініштер қабылдау жалғасуда. Байқау қазақстандық өндірушілердің үздік және қол жетімді өнімі туралы мәлімет беретін және бағдарлайтын, отандық брендтер жайлы тақырыпты халыққа түсіндіріп таратуға және дамытуға үлес қосатын үздік жұмыстарды анықтау мақсатында өткізілуде.
Шараның басты міндеті – республиканың барлық өңірлерінде қазақстандық өндірушілердің өнімі туралы қоғамда оң пікірді қалыптастыру және де «Халық маркасы» жобасы тақырыбын насихаттап жүрген журналистердің қызметін және БАҚ өкілдерін көтермелеу және ынталандыру.
Байқауға 2016 жылдың 6 шілде мен 10 желтоқсан аралығындағы кезең ішінде нақты шыққан немесе жарияланған жұмыстар қабылданады.
Жеңімпазға арналған басты жүлде – Қазақстанда жасалған автомобиль.
Байқауға қатысушыларды көтермелеу үшін байқауды ұйымдастырушының және ұйымдастырушының серіктестерінің тарапынан қосымша номинациялар құрылуы мүмкін.
Байқаудың қорытындысы 2016 жылдың 10 желтоқсанынан кейін жарияланады. Әрбір номинацияның жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқаудың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы: «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ.
Байқаудың интернеттегі ресми беті: halykmarkasy.kz.
Өтінімдер қабылдаудың соңғы күні – 2016 жылдың 10 желтоқсаны.
«Халық маркасы» тұтыну белгісіне ие болған брендтер тақырыбына арналған журналистер арасындағы «Самғау» ұлттық байқауына өтініштер қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды silteme.kz.