Показать содержимое по тегу: Киосаки
Билік пен байлар бұқараға балық беріп, қармақты бермейді. Балық деген не? Итке сүйек тастағандай қылып беретін әлеуметтік жәрдемақылар мен мардымсыз жалақы. Ал қармақ ше? Қармақ - қаржылық сауаттылық.
Роберт Кийосаки бай болатын адамның ақшасын көбейтер активтерді, ал кедейлер мен орта таптың өздері актив деп санайтын пассивтерді сатып алатынын айтады. Осы актив пен пассивтің айырмасы неде? Үлкен бизнес бастауға мүмкіндік болмаса, тіпті миллиондаған байлықты емес, өз-өзіңізді толықтай қамтамасыз етуге жететіндей жағдайға жеткіңіз келсе актив пен пассивтің айырмасын білу шарт.